$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бес миллион теңге: тойға шығу үшін ең қымбат гонорар сұрайтын әнші кім

Әншілердің той бизнестегі табысы таңдай қақтырады

Бес миллион теңге: тойға шығу үшін ең қымбат гонорар сұрайтын әнші кім
Фото: pixabay

Отандық өнер жұлдыздарының бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы КТК жүргізген сауалнамада белгілі болды. Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақыру үшін 5 миллион теңгеңіз болуы керек.

Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл соммаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды.

Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді. Әнші Айқынның шарты да осындай.

Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал.

Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен. Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.

Серіктес жаңалықтары